Текст
Көктемгі каникул аясында 26 наурыз күні, Садовое ауылының негізгі орта мектебінде «Не? Қайда? Қашан?» Квест- ойыны өтті. Ойынның эпиграфы- Ұлы Абайдың: «Өзге халықтың тілін, мәдениетін үйренген адам, олардың арасында тең болады» деген сөзі болды... Мақсаты: - тілге деген қызығушылықты, Қазақстан халқының мәдени мұраға құрметпен қарауды қалыптастыру;
-ойынға қатысушылардың танымдық процестерін белсендіруге ықпал ету.
Квест «Қазақ тілі» және «Орыс тілі» пәндері бойынша 9 тапсырмадан тұрды, оның бас тапсырмасы “Құпия орын” табу. Қатысушылар, өз білімділік пен тапқырлық қабілеттерін көрсете отырып, тапсырмаларды сәтті орындады.