«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер туралы есебі.

Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімінің «Садовый аулының негізгі орта мектебі» КММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер туралы есебін ұсынады.



 

1. Жалпы ережелер

  1. Қызмет беруші туралы мәліметтер: Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар аудандық білім бөлімінің «Садовый ауылының негізгі орта мектебі» КММ. Заңды мекенжайы: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Садовое ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 1А.
  2. Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
    Садовый НОМ 2025 жылы 11 мемлекеттік қызмет көрсетті.
    2025 жылға - 22 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
  • «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы - 2 қызмет;
  • Электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы электронды түрде - 3 қызмет;
  • Қағаз түрінде (қызмет берушінің кеңсесі) - 13 қызмет;
  • Akmola.kz, Ұстаз ақпараттық жүйелері арқылы қызмет алушымен тікелей байланыссыз (электрондық үкімет порталын қоспағанда) және қызмет алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы электронды түрде (электрондық үкімет порталын қоспағанда www.egov.kz) - 4 қызмет.


  1. Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілді.
  2. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:
    Білім беру саласындағы ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
  • «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау»;
  • «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттар қабылдау»;
  • «Педагогтарды аттестаттаудан өткізу үшін құжаттар қабылдау»;
  • «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету»,
    сондай-ақ мектепте келесі мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
  • Жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды сыныбына құжаттар қабылдау және қабылдау
  • Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және қабылдау
  • Денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау
  • Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және қабылдау
  • Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру
  • Білім туралы құжаттардағы мәліметтерді өзектендіру (түзету)
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос лауазымына орналасу конкурсына қатысу үшін педагогтардың құжаттарын қабылдау


 

Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпаратты алу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Қызмет алушыларға қажетті барлық ақпарат мектептің ресми интернет-ресурсында орналастырылған: http://sc0033.atbasar.aqmoedu.kz/

«Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері орналастырылған. Ақпараттық стендте мемлекеттік қызметтер ережелері орналастырылған. Өз бетінше қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

3) Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта нормативтік құқықтық актілер жобаларын жария талқылау нормативтік құқықтық актілердің ашық интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп тарапынан нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

4) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары және т.б.).

2025 жыл ішінде мектеп БАҚ пен әлеуметтік желілерде 1 мақала және 1 тікелей эфир жариялады. Ай сайын БАҚ, қызмет берушінің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.



  1. . Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін жетілдіру бойынша қызмет.
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мақсатында мини-орталық пен мектеп МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АВТОМАТТАНДЫРУ бағдарламасында жұмыс істейді.
    Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылады.
    Сондай-ақ, 2025 жылдан бастап мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің МҚАВТОМАТТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ жұмыс істейді, онда шамамен 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.
  1. Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.
    Мектепте мемлекеттік қызметтерді 2 қызметкер көрсетеді, олар қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат.
  2. 2025 жылға мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты шағымдар түскен жоқ.
  3. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тартулар анықталған жоқ.
  4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қоғамдық мониторингі нәтижелері.
    Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2025 жылы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау кезінде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарды болдырмау бойынша шаралар қабылдануда.
    2026 жылы мектеп жеке тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді және сапалы көрсетуді қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады



 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст