«Ақмола  облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Садовый ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық   мемлекеттік мекемесінің
Коммунальное государственное учреждение «Основная средняя школа села Садовое отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области»

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

«Желілік қауіптер: цифрлық қорғаныс ережелері»

10.04.2026

10 сәуір күні Садовое ауылының негізгі орта мектебінде ЦППР жоспары (II модуль) аясында «Желілік қауіптер: цифрлық қорғаныс ережелері» тақырыбында тренинг өтті.
Іс-шараны 9-сыныптың сынып жетекшісі Н.Ж. Каратаева оқушылар мен олардың ата-аналарының қатысуымен өткізді. Тренинг барысында қатысушылар желілік қауіптердің негізгі түрлерін, интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық ережелерін, жеке деректерді қорғау жолдарын және киберқауіптердің алдын алу тәсілдерін талқылады. Сондай-ақ оқушылармен бірлесе отырып, тренингтің практикалық бөліміне белсенді қатысты: постерлер, жадынамалар және т.б. дайындады.
Цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға, сыни ойлау дағдыларын дамытуға және интернет-ресурстарды жауапкершілікпен пайдалануға ерекше назар аударылды. Қатысушылар талқылауға белсенді қатысып, өз пікірлерімен бөлісіп, қызықтырған сұрақтарын қойды.
Осындай іс-шаралар оқушылар мен ата-аналардың цифрлық ортадағы қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттыруға және желіде қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Просмотров: 50


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст