Текст
04.03.2026
Бүгін «Орыс тілі мен әдебиеті» онкүндігі аясында Садовое ауылының НОМ-нің 9-сыныбында Н.В.Гогольдің “Мёртвые души” шығармасы бойынша “Чичиков бейнесі: “ұнаудың ұлы құпиясы””тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақ барысында оқушылар Чичиковтың бейнесін талдап, оның мінез-құлқын және адамдарға жағымды әсер қалдыру шеберлігін ашып көрсетті. Мұғалім топтық жұмыс, пікірталас, мәтінді талдау сияқты түрлі әдіс-тәсілдерді қолданды. Тоғызыншы сынып оқушылары талқылауға белсенді қатысып, өз ойларын дәлелдеп, қорытынды жасай білді.
Сабақта «Патриотизм – ата-ананы құрметтей білу» құндылығымен байланыс жасалып, оқушылардың адамгершілік бағдарын қалыптастыруға ықпал етті.