Текст
     
                                
             17.09.2025
                17.09.2025
        2025 жылдың 16 қыркүйегінде Атбасар қаласының No4 орта мектебінде «Мемлекеттік тіл – менің тілім» тақырыбында аудандық байқау өтті. Мемлекеттік тілді білу сайысына Садовое ауылы негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы Закирова Ясмин қатысты. Бұл іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тілге деген құрметті дамыту, оны үйренуге, күнделікті өмірде қолдануға қызығушылықты арттыру.