Текст
     
                                
             02.06.2025
                02.06.2025
        1 маусымда Садовый ауылының негізгі орта мектебінде Балаларды қорғау күніне арналған мереке өтті. Іс-шара жарқын, көңілді, мерекелік атмосферада өтті. Балалар түрлі қимыл-қозғалыс ойындарын ойнады, күлкілі байқауларға қатысты, көңілді музыкамен би биледі, асфальтқа бормен сурет салды. Мереке соңында демеушілеріміз «Агросинтез-2020» ЖШС, «Баракат Агро KZ» ЖШС және «Садовое-Агро» ЖШС тәтті-дәмді балмұздақ ұсынды. Ұйымдастырушыларымыз бен демеушілерімізге балалық шақтың жарқын әрі көңілді мерекесі үшін зор алғысымызды білдіреміз