Текст
2024 жылдың 7 қазанында Садовое ауылының негізгі орта мектебінде «ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР» «Ақындар айтысы» жобасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Н.Қаратаева 8-ші сынып оқушыларымен «Айтыс-халық мұрасы” атты тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шараның мақсаты: ұлттық рух пен отансүйгіштікке, өз халқына, салт-дәстүріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, айтысты ұлттық құндылық, қазақ халқының баға жетпес асыл мұрасы ретінде кеңінен насихаттау.